Бишімбаев ісі: Гастро орталығының директоры қылмысты жасырды деген күдікпен ұсталды

0

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіру оқиғасы орын алған елордалық «Гастро орталығының» директоры уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, кәсіпкер қылмыстық істі жасыру фактісі бойынша қамауға алынған.

«Тергеу барысында ҚР қылмыстық кодексінің 432-бабы («Қылмысты жасыру») бойынша қылмыстық іс бөлек тіркеліп, оның аясында «Гастроцентр» директоры уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ, Қылмыстық кодексінің 434-бабы («Қылмыс туралы хабарламау») және 119-бабының 3-бөлігі («Қауіпті жағдайда қалдыру») бойынша да қылмыстық істер қозғалды. Тергеуді Астана қалалық полиция департаментінің Тергеу басқармасы жүргізіп жатыр және Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында», — делінген хабарламада.

Астана полиция департаменті қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын және нақты тұлғалардың кінәсін анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар кешенін жүргізіп жатқанын жеткізді.

фото: facebook