Бишімбаев ісі: ертең алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2024/03/IMG_7889.jpeg)
Бұл хабарландыруды Жоғарғы сот таратты.
«27 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді», — деп жазды Жоғарғы соттан.
Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі, 2 қосалқы) алқабилер алқасы қалыптастырылады. Іріктеу алқабилердің жеке басын жария ету мүмкіндігін болдырмау үшін жабық сот отырысында өтеді. Еске салайық, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды.