Бишімбаев ісі бойынша танылған прокурор жаңа қызметке тағайындалды
Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс қозғалғаннан кейін қазақстандықтардың көзайымына айналған прокурор Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бас прокуратураның хабарлауынша, прокурор қазір Астана қаласы прокуратурасының Мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатыға қатысу басқармасының бастығы қызметін атқарып жатыр.
Еске салайық, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесіне Айжан Аймағанова мемлекеттік айыптаушы, Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі ретінде қатысқан еді.
2024 жылдың 15 шілдесінде Айжан Аймағанова жаңа атақ – подполковник шенін («Әділет кеңесшісі» сыныптық шені) алғаны белгілі болған еді. Мұны оның мұқият жанкүйерлері әлеуметтік желідегі суретінен байқаған.