Бишімбаев ісі бойынша танылған прокурор Шерзат Полаттың өліміне қатысты мәлімдеме жасады (видео)

0

Экс-министр Бишімбаевтың ісі бойынша танылған прокурор Айжан Аймағанова 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша пікір білдірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Прокурор Айжан Аймағанова Instagram парақшасында осы іске қатысты сұрақтардың көп түсетінін айтып, қайғылы оқиғаға қатысты өз ойын білдірді. Оқырмандары Айжан Аймағановадан Шерзаттың ісін өз қолына алуды, Шерзаттың отбасына көмектесуді сұрап хат жолдаған.

“Сіздерден Шерзаттың ісі бойынша көп сұрақтар келеді. Мен де Шерзаттың ісіне алаңдаймын, бұл іс менің де жүрегімді ауыртты. Бірақ бәрі заңға сәйкес болады. Әркім өз орнында жұмыс істеуі қажет. Алматы облысындағы әріптестерім өз жұмысын адал арқарып жатқанына сенімдімін”, – дейді прокурор.

Еске салсақ, бұған дейін марқұм Шерзат Полаттың 15 тәулікке қамалған әкесі Қаржаубай Нұрымовтың қашан бостандыққа шығатыны туралы жазған едік.