Бірыңғай уақыт белдеуі: Ғылыми тұрғыдан негізделген шешім — Олжас Бектенов
Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне ауысуы кездейсоқ шешім емес. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов мәлімдеді.
«Сауда министрі уақыт белдеуіне қатысты жан-жақты дәлелдерді келтірді. Үкімет бұл шешімді толық қолдайды. Біз бірыңғай уақыт белдеуіне ғылыми негізде ауыстық. Ел аумағының басым бөлігі 5-ші уақыт белдеуінде орналасқан, сондықтан бұл қадам дұрыс әрі тиімді. Сауда және Ақпарат министрліктеріне халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуді тапсырдым», – деді Премьер-Министр.
Бұл шешім елдің сауда, коммуникация және экономикалық салаларындағы тиімділікті арттыруға бағытталған. Мамандардың пікірінше, уақыт белдеуін бірыңғайландыру ел ішіндегі қызметтерді оңтайландыруға ықпал етеді.