Біртановқа алты жыл аз, прокуратураны толық қолдаймын – Айгүл Орынбек

0

Бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртанов алты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Осыған байланысты заңгер Айгүл Орынбек өз ойын жазды.

«Прокуратураны толық қолдаймын! Алты жыл аз бұл кісіге. Пандемия уақытында Шымкентке келіп лентасын қиып кеткен аурухана , үш күннен кейін барғанымызда адам қабылдауға дайын болмаған! Қаншама халық ауа жетпей өліп кетті, ал бұл кісі «бәріне дайынбыз», — деп Президент алдында есеп берді!

Халықтың жақындарына кислород тасып шырылдап жүгірген видеолары бар!

Тіпті анасынан айрылған Айжан Ергешова прокуратураға арыз жазды.
Сол бойы ол істің соңы сұйылып ашылған жоқ.

Жапон елінде бір адам өлсе, бүкіл үкімет дабыл қағып, сол өлген адам үшін жауапкершілік алады. Ал бізде қырылып қалды. Ал ол үшін ешкім жауап бермейді ме сонда?», — деп жазды Айгүл Орынбек.

(Мақаладағы автор пікірі редакция көзқарасын білдірмейді)