Біртанов: Қазақстандықтардың қозғалысын шектеуге негіз жоқ – Қазақстан жаңалықтары

0

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жағдайы бойынша көрсеткіші өңірлер бойынша теңестірілгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Кінәлілер жазалануы тиіс»: Біртанов Атырау ауруханасында қайтыс болған 6 жасар қыз туралы

«Эпидемияға қарсы шаралар, оның ішінде шектеу шаралары жалғасады. Ел ішінде жүруге тыйымның алынып тасталуы, тұтастай алғанда, біздің республика бойынша аймақтар арасындағы ауру деңгейінің теңестірілгенін білдіреді, ал қазір азаматтарды қозғалыстан шектеудің қажеті жоқ», – деді министр. 

Дегенмен министр жеңілдеулерге қарамастан, қазақстандықтар эпидемияға қарсы сақтық шараларын ұстануы керек екенін атап өтті.

«Бірақ сонымен бірге, эпидемияға қарсы сақтық шараларды орындау бойынша талаптар, өндірісте, жұмыс орнында, қоғамдық орындарда және көлікте, бұл талаптар сақталады. Ауру өршіп кетпес үшін шараларды сақтау өте маңызды», – деді Біртанов.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз