Біртанов қазақстандық дәрігерлерді коронавирусқа қарсы күрес тәжірибесінен өту үшін Қытайға жіберуге ниетті – Қазақстан жаңалықтары

0

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандық дәрігерлерді коронавирусқа қарсы күрес тәжірибесінен өту үшін Қытайға жіберуге ниет білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Кінәлілер жазалануы тиіс»: Біртанов Атырау ауруханасында қайтыс болған 6 жасар қыз туралы

Министр бұл туралы Қазақстанға келген қытайлық дәрігерлердің қатысуымен өткен бейнеконференция барысында айтты.

«Бүгін мен ҚХР-ның ҚР-дағы Елшісімен сөйлесіп, оған осы сапарды ұйымдастыруға және өткізуге үлкен қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірдім. Біз осы ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде ұсыныс беру керек деген қорытындыға келдік», – деді Елжан Біртанов.

Сонымен қатар, ол қазақстандық дәрігерлердің Қытайда тәжірибеден өтуіне жағдай жасауға өтініш білдірді.

«Бізде «жүз рет естігенше бір рет көрген жақсы», дейді. Сондықтан мен біздің әріптестерімізге қазақстандық дәрігерлеріміздің, атап айтқанда, емдеу, диагностикалау, коронавирус инфекциясымен күреспен тікелей айналысатын медицина қызметкерлерінің  ҚХР-ға сапарын ұйымдастыру жөнінде өтініш білдіргім келеді. Тек дәрігер-инфекционист қана емес, сонымен қатар Қазақстанның эпидемиологтары да бар. Менің ойымша, бұл біздің әріптестігімізді нығайту үшін өте маңызды болар еді», – деп толықтырды министр. 

Осылайша, Елжан Біртанов қытайлық әріптестеріне және ҚХР-ның ҚР-дағы елшілігіне жүгінді.

«Біздің жетістіктерімізді шыңдау және коронавирус инфекциясымен одан әрі тиімді күресу үшін мен Халықаралық ынтымақтастық департаментіндегі әріптестерімізден, ҚР-дағы ҚХР елшілігіндегі достарымыздан осы мәселені пысықтауды сұраймын. Қажет болған жағдайда, мен өз әріптесім – ҚХР денсаулық сақтау министріне тиісті хат жіберуге дайынмын», – деп қортындылады ҚР-ның денсаулық сақтау министрі.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз