Біртанов — Қазақстан жаңалықтары | STAN.KZ

0

Коронавирус табылған елден келген азамат денсаулығына байланысты демалысқа шығу туралы анықтама алуы тиіс, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

больница

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. 

«Үйге карантин деп жаппайтын болдық. Ондай азаматтар арнайы медициналық мекемелерге жіберіледі. Карантинге жабылудан бас тартқаны үшін тұрғындарға айыппұл салынады. Бұл енді рас. Карантин ережелерін бұзғаны үшін қазақстандықтарды жауапкершілікке тартамыз», — деді министр. 

Бұған қоса ем қабылдау орталықтарына жіберілген азаматтар арнайы анықтама алулары керек дейді Біртанов. 

«Карантинге жабылғанда қандай талаптарды сақтау керектігі жайлы барлық аймақтарға нұсқаулық жіберілді. Арнайы анықтама толтырылатын болады. Яғни карантинде жатқан кездегі күндер жалақы төленгенде міндетті түрде ескеріледі, тұрғындарға бұл күндер өтеусіз қалмайды дегім келіп отыр», — деп қосты Біртанов.

Еске салайық, бүған дейін денсаулық сақтау министрі медициналық бетперде мәселесі жөнінде елді дүрліктірмеуге шақырған болатын.

 

stan.kz