Біртанов коронавирусқа қатысты тексеруден өтеді — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусты жұқтыруы мүмкін деген болжамға ілікті. Cол себепті шенеунік коронавирусқа сынама жасатпақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Біртанов өзінің отставкаға кетуін талап еткен резденттерге: Жауап беруге дайын болыңыз

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді. 

«Өздеріңізге белгілі, 30 наурыздан бастап, денсаулық сақтау министрлігі толықтай қашықтан жұмысқа көшкен болатын. Сондықтан, министрлік ішінде дерт жұқтыру қаупі минималды, қызметкерлердің 90 пайызы үйден жұмыс істеп отыр. Жұмыста министрдің өзі және 3-4 адам ғана қалды. Олардың да әрқайсысы жеке кабинетте болғандықтан, жұқтыру қаупі аз деген ойдамыз. Дегенмен, бүгін министр Елжан Амантаев коронавирус инфекциясына тест тапсырады. Нәтижесі шыққан соң, әрине хабарлаймыз», — деді Диас Ахметшәріп.

Қазір министрдің экс-орынбасары Камалжан Надыровпен байланыста болғандар анықталуда екен. 

«Соңғы күндері Камалжан Надыров министр тапсырмасымен Алматы облысында болды. Алматы қаласында емханадан ауру ошағы шығып, дәрігерлердің арасында түсініспеушілік туғанда да, Камалжан Надыров барған еді. Әрине, қорғаныс киімін киіп, барлық талаптарды сақтады. Дегенмен, аурудың кімнен, қай жерден жұққанын анықтауымыз қажет. Ол кісі қазір қай күні қайда болғанын, кіммен кездескенін тізбектеп жазып отыр. Байланыста болған барлық адамдарға ПТР арқылы диагностика жасалады», — деді ресми өкіл.

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрінің экс-орынбасары Камалжан Надыров коронавирус жұқтырғаны айтылған еді. Вице-министр бір күн бұрын ғана лауазымынан босатылып, басқа қызметке тағайындалған. 

 

stan.kz