Біртанов коронавирус жұқтырған қазақстандықтар туралы айтып берді

0
28

Коронавирус жұқтырғандардың біреуі Қазақстанға 9 наурызда, ал екіншісі 12 наурызда түнде ұшып келген

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі коронавирусқа шалдыққан қазақстандықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Мен ол адамдардың жеке мәліметтерін айта алмаймын. Ол – заңның талабы. Біреуі – ер адам, екіншісі – әйел. Екеуі де Германиядан келген. Біріншісі 9 наурызда ұшып келген. Ал екінші пациент Қазақстанға 12-сінде, яғни кеше кешке қарай, негізі, бүгін түнде келді деуге болады», – деді Біртанов арнайы баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 9 наурызда ұшып келген борттағы барлық жолаушы анықталды. Олардың саны – 73 адам.

«Бізде тізім бар. Қазіргі кезде біз оларды оқшаулау шараларын бастап жатырмыз. Ал екінші ұшақ бүгін түнде ұшып келген. Бортта экипажбен бірге 12 адам болған. Оларды бірден Алматыдағы инфекциялық стационарға жатқызды», – деді ол.



sputniknews.kz