Біртанов: Коронавирус – емделетін инфекция

0

Министр Қазақстанда коонавирусты емдейтін барлық ресурс бар екенін атап өтті. Мазалаған сұрақтар бойынша 1406 нөміріне хабарласуға болады

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарды сабырға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Барлығын төтенше жағдайда сабырлық сақтауға шақырамын. Бұл – емделетін инфекция. Диагноз қоятын, емдейтін барлық ресурсымыз бар», – деді Біртанов онлайн брифингте.

Ол мазалаған сұрақтар бойынша 1406 нөміріне хабарласуды өтінді.

Сонымен қатар, министрліктің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан да ақпарат алуға болады.

Коронавирус эпидемиясы

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 27 адам коронавирус жұқтырды. Оның 13-і Алматыда, қалған 14-і Нұр-Сұлтан қаласында.

Айта кетсек, індетке шалдыққандар арасында екі жасар сәби де бар.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда тағы 14 адамнан коронавирус табылды 

1536 адам стационарлық карантинде, ал 1094 адам үй карантиніне алынған.

Коронавирустың алдын алу мақсатында елімізде 16 наурыз таңғы сағат 08.00-ден бастап төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол 15 сәуір  таңғы 07.00-ге дейін күшінде болады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз