Біртанов: 2025 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 550 мың теңге болады — Қазақстан жаңалықтары
2025 жылға қарай Қазақстандағы дәрігерлердің орташа жалақысы 1,3 мың долларға, яғни 550 мың теңгеге жетеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Шенеунік 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданғандығын жеткізді.
«Жалақыны арттыру, әлеуметтік қолдауды күшейту, кәсіби жауапкершілікті қорғау арқылы медициналық қызметкер мәртебесін арттыру жоспарланған. Дәрігердің орташа жалақысы 2025 жылы 2,5 есе асады және ауылдағы медициналық қызметкерлер мен қамтамасыз ету 13 пайызға өседі, клиникалық зерттеулер саны 2 есе артады», — деді министр.
Біртанов бағдарламаның басты міндеті — педиатрия, оңалту және басқа медициналық қызметтерді кеңейту және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру екендігін айтып, халықты салауатты өмір салтын ұстауға шақыруға күш жұмсалатынын қосты. Осы тұрғыда тұзды тұтыну 31%-ға, шылым шегу 13,6%-ға, ал ішімдік ішу 16%-ға азайту керектігін жеткізді.
2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға дайындық жұмыстары жүргізіліп, медициналық қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға өсті, дәрігер тапшылығы 2,7 есе азайыпты.
«Денсаулық сақтау саласындағы инвестициялар екі жарым есе өсіп, 147 миллиард теңгеге жетті. 469 жаңа медициналық объект іске қосылды. Цифрландырудың арқасында емханалардағы кезек 2 есе азайды. Барлық мемлекеттік медициналық ұйымға медициналық информациялық жүйе енгізілді. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, елімізде денсаулық көрсеткіштері жақсарған. Өмір сүру ұзақтығы 73 жастан асты. Жалпы өлім 2 пайызға, ана өлімі 13 пайызға, нәресте өлімі 4 пайызға, туберкулезден өлім саны 41 пайызға төмендеді», — деп қосты Елжан Біртанов.
Сөзінше, елбасы Н.Ә. Назарбаев медициналық қызметтік сапасын жақсарту, МСАК жұмсалатын шығыстарды ұлғайту бойынша нақты тапсырмалар берген. Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев болса аурулардың алдын алу және салауатты өмір-салтын насихаттау бойынша шаралар қабылдауды, медициналық ұйымдарға қадамдық қолжетімділікпен қамасыз етуді тапсырған. Бағдарламаның жобасы осы маңызды міндетерді шешуге бағытталыпты.
stan.kz