бірқатар қылмысқа қатысты жаза күшейтілді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Өткен жылдың соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық заңнаманы жетілдіруге арналған заңға қол қойған болатын. Биылдан бастап жыныстық қатынасқа қатысты қылмыстар ауыр қылмыс санатына өтті

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Қылмыстық заңнаманы жетілдіру аясында қызтекелік, лесбияндық және басқа да жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлегені үшін жаза күшейтілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Атап айтқанда, ондай әрекеттер кәмелеттік жасқа толмағандарға жасалса, 3 000 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі (7 953 000 — Sputnik Қазақстан) айыппұл, түзету жұмыстары немесе үш жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

«Қызтекелік, лесбияндық және басқа да жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлегені үшін жаза күшейтілді. Бұл – Қылмыстық кодекстің 123-ші бабы», — деді ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бөлек, балалар мен жасөспірімдерді порнографияға тартудың алдын алу шаралары да қарастырылды.    

«Порнографиялық сипаттағы материалдарды әзірлеу үшін кәмелекеттік жасқа толмағандарды актер немесе модель ретінде тарту бойынша қылмыстық жаза бекітілді. 312-бапқа сәйкес, осы қылмыс үшін 5-7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Мүлікті тәркілеу де бар», — деп атап көрсетті Әділов.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық заңнаманы жетілдіруге арналған заңға қол қойған болатын. Биылдан бастап жыныстық қатынасқа қатысты қылмыстар ауыр қылмыс санатына өтті. Ал балаларға қарсы жасалған осындай қылмыстар аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылады.

«Педофилия бойынша айғақтарды бұрмалағаны, жасырғаны үшін, жасырып қана қоймай, біліп тұрып, хабарламағаны үшін де жауапкершілік көзделген. Бұл әрекеттер ауыр қылмыстар санатына кіреді. Мысалы, баланың зорланғаны туралы хабар бермегендер 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — дейді бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов.

Тағы оқыңыз: Шу ауданында педофил 3 жасар қызды зорлады: азғынды баланың әкесі қолға түсірді

Осы санаттағы ауыр қылмыстар бойынша татуласуға жол берілмейді. Ал балаларды зорлағаны үшін жазаның мерзімі 20 жылдан басталады.

Бұрын балаларды зорлау қылмысы бойынша жаза мерзімі 15-20 жыл аралығында, одан кейін жоғары кете беретін. Енді, тек 20 жыл және өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы болады. Баланы өлтіргені үшін тура сондай жаза қарастырылған. Заң 11 қаңтарда күшіне енеді.



sputniknews.kz