Бірқатар өңірлерде кәмелетке толмаған балалар арасында қылмыс көрсеткіші артқан

0

Өкінішке қарай, осындай жағдайлардың салдарынан Ақтөбе облысында бала қаза болды.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің төрағалығымен өңірлерді қосу арқылы бейнеконференцбайланыс режимінде ҚР Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Соңғы уақытта еліміздің бірқатар аймақтарында білім беру ұйымдарының қабырғаларында да, одан тыс жерлерде де оқушылар арасында топтық төбелес, ұрып-соғу және қорлау жағдайлары жиілеп кетті. Өкінішке қарай, осындай жағдайлардың салдарынан Ақтөбе облысында бала қаза болды. Өңірлер бойынша 2017 жылмен салыстырғанда кәмелетке толмаған балалар жасаған қылмыстардың саны Атырау облысында 39,6%-ға, Алматы қаласында 33,5%-ға, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Астана қаласында 18%-ға, Ақмола және Ақтөбе облыстарында 11%-ға, Түркістан облысында 7,8%-ға өскені байқалады» делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, 2018 жылы жасөспірімдердің қатысуымен құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасау фактілері туралы Құқық қорғау органдарынан жасырғаны немесе дер кезінде хабарламағаны үшін білім беру ұйымдарының 170-тен астам қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, кейбір мектеп әкімшіліктері оқушылар арасындағы жағдайға ие емес немесе жалған игіліктерді сақтау мақсатында оларды қасақана жасырып отырады. Қалыптасқан жағдай балалар арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылдауды талап етеді.

ВАК отырысының жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Мұхамендиянқызы Айтпаева, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

ВАК отырысының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін күшейтуге бағытталған ұсыныстар әзірленетін болады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/