Бірнеше сағаттап кезекте тұрады: СҚО-да көмір үшін дүрбелең пайда болды

0

Петропавлда қатты отын тапшылығына байланысты дүрбелең пайда болды. Шұбаркөл көмірін сатып алу үшін шалғай аудардандар да адамдар келіп, кезекте тұр. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Отынмен бүгінде өңір халқының тек 50%-ы ғана қамтамасыз етілген.

“Кезек таусылмайды. Мен мұнда таңғы 7-де келдім, әлі тұрмын. Сағат 11 болды, тұрғаныма бес сағат болды. Кейде тіпті, бос кетеміз. Сұраныстың көп болуына байланысты көмір жетіспейді”, – деді Бескөл ауылының тұрғыны Болат Алдамасов.

Түрлі ауданның тұрғындары жергілікті аймақта жанармай мүлдем жоқ дейді.

“Жергілікті тұрғындар кезексіз өтеді, ал біз, аудандардан келгендер, ала алмаймыз. Аққайың ауданында көмір жоқ, сондықтан осында келуге мәжбүрміз. 2 аптада бір рет 3-4 вагон әкелінеді, бірақ бұл жеткіліксіз. Шұбаркөл көмірі ауданға мүлдем әкелінбейді. Екі аптадан бері дым жоқ”, — деді Аққайың ауданының тұрғыны Бауыржан Сәрсекеев.

Басшылық дүрбелең ауа райының күрт салқындауына байланысты екенін айтты. Аймақта температура айтарлықтай төмендеп, тіпті қар жауған.

“Петропавлда ғана Шұбаркөл көмірін сататын жер бар. Барлығы соны іздейді, сатып алғысы келеді, сондықтан бәрі бізге келеді. Өткен жылы оның тоннасы 16 мың еді, биыл 17 100 болды. Қазір тұрғындар көмірді белсенді түрде алып жатқандықтан, осындай кезектер пайда болады”, — деді көмір тұйығының басшысы Бақытжан Тұрмұхамбетов.

Энергетика және ТКШ басқармасы көмір жеткізілімі бақылауда екенін хабарлады. Облыс халқына 419 мың тонна отын қажет. Қазір солтүстік қазақстандықтар қажетті көлемнің 50%-ғана дайындады.

“Облыстың тұйықтарында 38 мың тонна көмір бар. Таңертең Петропавлда 2 мың тонна болды. Шұбаркөл, Қаражар және Майкөбе көмірін сату жүргізілуде. Көмір жылыту маусымы бойы әкелінеді. Күн сайын көмір жеткіземіз”, – деді СҚО энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы Евгения Островская.

Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 32 көмір тұйығы жұмыс істейді, оның 4-і Петропавлда.