Бірнеше рет Құран өртеген ер адамды тікелей эфирде отырған жерінен атып өлтіріп кетті
Ол Швецияға Ирактан көшіп барған
Бес күдікті қамауға алынды. Швед ақпарат құралдарының хабарлауынша, Момиканы Стокгольм маңындағы Сёдерталье қаласындағы үйінде TikTok-та тікелей эфирде отырған жерінде атып өлтірген.
Оның өлімі сот «этникалық топқа қарсы үгіт-насихат жасады» деген айыппен бейсенбі күні үкім шығарылатынын жариялағаннан кейін болды. Айыптаушылардың айтуынша, Момика мен оның серіктесі Салван Наджем мұсылмандардың қасиетті кітабын өртеп қана қоймай, мұсылмандарды қорлайтын сөздер айтқан.
Сот «Салван Момиканың қайтыс болуына байланысты үкімді шығаруға ұзағырақ уақыт қажет» деп шешімді 3 ақпанға қалдырды. Бұған дейін Содертальеде атыс болғаны және оқ жарақаты бар ер адамның табылғаны, ол көп ұзамай ауруханада қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған. Кейін полиция марқұмның Момика екенін растады.
Момика Швецияға 2018 жылы Ирактан көшіп барған. 2021 жылы ер адам үш жылдық тұруға рұқсат алды. Өзінің X парақшасында ол католик отбасында өскенін айтты.
2023 жылы ол исламға қарсы бірнеше наразылық акциясын өткізді. Олардың біріншісі мұсылмандардың Құрбан айт мерекесінің бірінші күні Стокгольмдегі бас мешіттің жанында болды. Акцияны полиция үйлестіріп, қорғады.