Бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды – бүгін ауа райы қандай болады

0
6

Елдің басым бөлігінде боран, көктайғақ болып, жел күшейеді. Оңтүстікте жауын-шашын болады. Солтүстік және солтүстік-батыста – қар жауады

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар — Sputnik. Синоптиктер бірнеше өңірде дабылды ескерту жариялады.

«5 қаңтар күні Түркістан облысында тұман және көктайғақ болады. Шымкентте тұман, Түркістанда түнде және таңертең көктайғақ. Қостанай облысында да тұман, көктайғақ және бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Қызылорда облысында тұман және көктайғақ», – деп хабарлады Қазгидромет.

Синоптиктердің айтуынша, бірқатар өңірде ауа райы құбылмалы болып, оңтүстікте жауын-шашын болады. Солтүстік және солтүстік-батыста – қар.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысында тұман, көктайғақ, түнде және таңертең желдің жылдамдығы –   15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында жел екпіні 23 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. Тұман болады.

Қостанай, Қарағанды облыстарында тұман, көктайғақ, бұрқасын.  местами

Алматы облысында тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында тұман, көктайғақ болады.

Атырау, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында да тұман.



sputniknews.kz