бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

0

Ертең, бесінші ақпанда республиканың бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Қазгидромет 5 ақпанда бірқатар облыста дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұр-Сұлтанда көктайғақ болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Көкшетау қаласының жолдарында көктайғақ болады. Жел күшейеді.

Түркістан облысының кейбір аймағында түнде тұман түсіп, күндіз күші 15-20 м/с жел соғады.

Шымкентте де күндіз жел күшейеді.

Түркістан қаласында да желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ және бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның бірқатар өңірінде төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Қостанай қаласында да жел тұрады.

Ақтөбе облысының кейбір аймағында тұман, көктайғақ, түнде бұрқасын болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің күші 15-20 м/с дейін барады.

Ақтөбе қаласында түнде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен екпіні 16 м/с жел соғады.

Айта кетсек, қазіргі уақытта елорда мен Шығыс Қазақстанның екі ауданында қардың көптігіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген. Жағдай тұрақталғанша бұл режим сақталады.

Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысында да төтенше жағдай жариялануы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Солтүстік облыстарда – Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола, сонымен қатар Қарағанды облыстарында жағдай күрделі екенін айтты.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз