Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

Үш өңірде ауа райына байланысты синоптиктер ескерту жариялады
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жамбыл облысында 8-9 қаңтарда оңтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. 8 қаңтарда таңертең және күндіз, 9 қаңтарда түнде жел секундына 23-28 метрге дейін соғады. Кейбір жерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Тараз қаласында 8 қаңтарда таңертең және күндіз, 9 қаңтарда түнде желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с болады. Тұман түсуі мүмкін.
«Қызылорда облысының Сырдария өзенінде сеңнің жүруіне байланысты өзен арнасы тарылып, су деңгейі көтеріліп, алқапқа шығуы мүмкін. Сонымен қатар, 7-8 қаңтар күндері Қызылорда облысында ауа-райының жылынуына байланысты жазық жерлерде еріген қар суы пайда болуы ықтимал», — деп хабарлады синоптиктер.
Бұдан бөлек, Түркістан облысының таулы жерлерінде қатты жауын-шашынның түсуіне байланысты 8-9 қаңтарда тау бөктерінде ағын су пайда болуы мүмкін.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/