Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды — Ел жаңалықтары

0

Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

 21 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде оңтүстік-батыстан cоғатын желдің күші 15-20,  екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Өскемен қаласында 21 қаңтарда күндіз бұрқасын күтіледі, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші секундына 15-20 метр.

Семей қаласында 21 қаңтарда күндіз бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан cоғатын желдің күші секундына 15-20 метр.

21 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр күтіледі.

Қостанай қаласында 21 қаңтарда батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 18 метр желдің күшеюі күтіледі.

.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz