Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды — Ел жаңалықтары
Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
8-9 қаңтар күндері Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 8 қаңтарда таңғы және күндізгі уақытта, ал 9 қаңтарда түнгі уақытта соғатын желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді. Кей жерлерде тұман, мұзтайғақ болады деп болжанып отыр.
Таразда 8-9 қаңтар күндері жылдамдығына секундына 15-20 метр болатын жел тұрады. Кейде тұман түседі.
«Сырдария өзенінде 6-8 қаңтар аралығында тұрақсыз мұз құбылыстарына байланысты Қызылорда облысында қар суы болып, өзен аңғарларынан су деңгейі көтерілуі мүмкін. Сондай-ақ, Қызылорда облысында 6-8 қаңтар күндері температура жоғары болып, қар суы деңгейі көтерілуі мүмкін», — делінген метеорологтардың хабарламасында.
Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр көп түсетіндіктен су деңгейі жоғары болады деп болжанған.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz