Бірлескен мәлімдеме жасалады — Тоқаев коронавируспен күрес туралы айтты
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес пандемия кезінде ЕАЭО-ға мүше елдердің экономикасын қолдауға қатысты бірлескен мәлімдеме жасайды
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Қолға алынған шаралардың арқасында Қазақстан вирустың бақылаусыз таралуының алдын алып, қоғамдағы тұрақтылық пен іскерлік белсенділікті сақтап қалды. Бейнеконференция форматында өткен ЕАЭО жоғарғы экономикалық кеңесінің жиынында президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай мәлімдеме жасады.
Мемлекет басшысы сарапшылардың болжамына сәйкес, 2020 жылы әлемдік жалпы ішкі өнім көрсеткіші 2%-ке төмендейтінін айтты.
sputniknews.kz