Бірінші сынып оқушысы Алматының беделді мектептерінің бірінде зорланған
Баласының зорланғанын анасы хабарлады. Ол жеті жасар баласына не болғанын егжей-тегжейлі баяндаған бейнежазбаны жариялады.
«12 қыркүйек күні ұлым мектептен шалбары жыртылып келді. Келесі күні оны тігейін деп отырғанымда, көзім ақ дақтарды шалып қалды», — деді әйел.
Баланы тексеру кезінде ол оның зорлық-зомбылыққа ұшырағанын түсініп, полиция шақырған. Бала сот-медициналық тексеруден өтті. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚР ҚК-нің 121-бабы бойынша «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Айтпақшы, бірінші сынып оқушысы анасына онымен не болғанын айтпаған, бірақ оның психологиялық жағдайы 15 қыркүйектен бастап қатты нашарлағаны байқалады. Әйелдің айтуынша, оның ұйқысы бұзылып, қорқынышты түстер көріп, агрессияға жиі берілетін болыпты. Қазір онымен психолог және психотерапевт жұмыс істеп жатыр.
Ақпарат: t.me/orda_kz
фото: gazeta.ru