Бірінші рет ұшаққа отырғанымда апатқа тап болдым: Аман қалған жолаушы әуе кемесінде не болғандығы жайлы айтып берді – Қазақстан жаңалықтары

0
36

Ұшақ апатынан аман қалған 17 жастағы Маңғыстау облысының Құрықаулының тұрғыны Зухра Айболатова оқиға жайлы баяндап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зухра Алматы қаласында білім алады екен. Жаңа жыл қарсаңында ол Нұр-Сұлтанда тұратын әпкелеріне барып қайтпақшы болған. 

«Басында бәрі де жақсы болған. Ұшаққа отырып, тезірек жақындарымызды көруге асықтық. Ойымызда ешнәрсе жоқ. Ұшақ әуеге көтерілмес бұрын әкеме қоңырау шалып, бәрі жақсы екендігін айттым. Әкем мен бірінші рет ұшаққа отырып жатқандықтан қатты қобалжыпты. Ұшақ ұшу жолығымен келе жатқанда сілкінді. Содан кейін әуеге көтерілмекші болңан борты екі рет жерге төмендеп, артынша барып жерге бір-ақ құлады», -жеп жазды студент қыз. 

Ол әуе борты құлағаннан кейінгі аласапыранды ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес дейді. 

«10-15 секундтың ішінде өмірім көз алдымнан өте шықты. Қазір ғана күліп-ойнап отырған адамдар енді жан дауыстарымен айқайлай бастады. Қай жаққа қарамастан адамдардың дауысы шығып жатыр, біреулер жылап жатыр, дым түсініксіз. Ұшақтың астаң-кестеңғ шыққан, адамдар не істерін білмей абдырап жүр. Баласы бірге болған ата-аналар дал болып, оларды шақырып, іздеді. Мен есімді жиған кезде үстімді белгісіз бірнәрселер басып қалыпты. Босанып шықсам, менің жанымда бір ер азамат жатыр. Аяғы сынып, сүйектері көрінеді. Мен оның жаныда қалып, оған көмектеспекші болдым. 40 минуттай жанында отырдым, бір кезде ол мені сыртқа шыға беруімді өтінді», – дейді бойжеткен. 

Апаттан кейін Зухраны ауруханаға жеткізіпті, абырой болғанда, оның денсаулығына қатты зиян келмепті. Оның тек табаны шытынап кеткен. 

«неге екені белгісіз ата-анамның телефон нөмірлерін еске түсіре алмай қойдым. Оларға тірі қалғанымды айтқым келген еді. Сол үшін әлеуметтік желі арқылы құрбыма аман екенімді айтып, одан ата-анаммен хабарласуын сұрадым. Байғұс әке-шешем жағдай туралы естігенде өздерін қоярға жер таппапты», – деді аман қалған жолаушы. 

Зухра бірнеше адамның өмірін қиған ұшақ апаты менің жадымнан ешқашан кетпейтіндігін алға тартты. 

«Бұл жағдайдан кейін мен ұшаққа отырудан тіпті қоқып қалдым. Оның үстіне бұл менің алғашқы рет әуеге көтерілуім болуы керек еді. Жақын арада ауруханадан шығамын. Демалыс күндерімді отбасымның жанында өткіземін деген одйамын. Бірақ оларға тезірек жету үшін тағы да ұшаққа отыруыма тура келеді», – деп қосты Зухра.

Зухраның әпкесі жақын арада туған ауылдарына ұшайын деп жатқандарын айтты. Сөзінше, Зухра ұшақта жеке куәлігін түсіріп алған. Bek Air әуе компаниясына хабарласса, ешкім жауап бермепті. Со себепті ұшаққа билет ала алмай отыр екен. 

Бұған дейін апатқа ұшыраған ұшақтың тағы бір жолаушысы оқиға жайлы айтып берген еді. Оның айтуынша, егер Bek Air ұйымы кінәсі анықталмаса да, оның маңына аттап жолайды екен.
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз