«Бірінші рет нәзік жанды екенімді ұқтым»: Айгүл Иманбаева күйеуінің ерекше қасиетін айтты

0

Танымал әнші Айгүл Иманбаева күйеуінің ерекше қасиетін бөлісіп, қыз-келіншектерге үндеу жасады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі күйеуінің өзіне деген қамқорлығын айтып, әйел бақытын сезінгенін жасырмады.

“Осы жасыма келгенде ғана өзімнің затым әйел екенін, нәзік жанды екенімді сезіндім. Күйеуім екеуміздің бір оқиғамызды айтып берейін. Бірде Лос-Анджелесте үйден шығып, тамақ алайық деп дүкенге бардық. Ол жерден көп азық-түлік алып, көліктің артына тиеп үйге келеміз. Сосын артындағы барлық затты қолыма алып, үйге кірейін деп жатсам күйеуім «Неге мына ауыр заттың барлығын көтеріп жүрсің? Бұл сенің жұмысың ба? Бұл менің жұмысым. Сенің жұмысың – маған энергия беру, маған еркелеу, күн сияқты жарқырап, жайнап, қасымда нәзік күйіңде жүру» деп айтқаны бар. Сол кезде бірінші рет өзім де ойланып қалдым. Нәзік жанды әйел екенімді ұқтым. Өмірімде бірінше рет күйеуімнің иығына басымды қойып, ерекелей алдым. Қыздар, күйеулеріңізге еркелей беріңіздер. Еркелесе ғана Есілдің мұзын ерітуге болады», – деді әнші.

Еске салайық, әнші үйлену тойын әлі жасаған жоқ. Бірақ Қазақстанда өтпейтінін ескерткен еді.

“Лондонда неке қиылып, бас қостық. Қазіргі тапқан адамым – мәңгілік махаббатым. Саналы түрде шешім қабылдадым. Бақытты сәтімде ұлым да, құрбым да жанымнан табылды. Мәһрге көлік сұрадым. “Қазақша той жасағың келе ме?” деп сұрады. Мен қарсы болдым. Бірақ құдалық өтіп, орамал салып, келіншай бердім. 2025 жылы үйлену тойымыз Лос-Анжелес қаласында өтеді ”, – деген еді актриса.