Бірінші кезеңнен кейін «Астана» тең ойнап жатыр

0

2018 жылғы 14 желтоқсан 00:53 92

Еуропа лигасы: Бірінші кезеңнен кейін «Астана» тең ойнап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі соңғы тур ойындары өтіп жатыр. Еуропа лигасында K тобында сынға түсіп жатқан елордалық «Астана» сырт алаңда Францияның «Ренн» командасымен кездесудің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш кездесуде алғашқы минуттан «Астана» сапында Ненад Эрич, Бактиер Зайнутдинов, Евгений Постников, Марин Аничич, Антонио Рукавина, Иван Маевский, Ласло Кляйнхайслер, Ричард Алмейда, Марин Томасов, Педро Энрике мен Джуниор Кабананга шықты. Оларға қарсы «Ренн» Абдулай Диалло, Рами Бенсебаини​, Дамьен Да Сильва, Мешер, Амари Траоре, Бенжамен Буриго, Бенжамен Андре, Клеман Гренье, Исмаила Сарр, Теозон Сибачо, Хатем Бен-Арфа ойнады.

Бірінші кезең алаң иелері басымдығымен өтті. Біздің футболшылар негізінен қорғаныста жүрді. Кейбір сәттерде астаналық қақпашы Ненад Эричтің шеберлігі көрінді.

Біз бүгінгі ойынның маңызы жөнінде бұдан бұрын хабарлаған едік.

Айта кетерлігі, бүгінгі кездесуде «Астана» тең түссе немесе жеңіске жеткен жағдайда жарыстың плей-офф кезеңіне жолдама алады. Ойын «Реннің» басымдығымен аяқталса, жолдама француз футболшыларының қанжығасында кетеді.

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz