Біріккен Араб Әмірліктері Жамбыл облысында жел электр станцияларын салады

0

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков «Masdar» компаниясының Бас атқарушы директоры Мұхаммед әл-Рамахимен кездесті.

Кездесуде тараптар осы жылдың 8-9 маусымында өтетін Астана халықаралық форумында «Masdar» Қазақстанның мемлекеттік органдары жүзеге асыратын жол картасына қол қояды деген уағдаластыққа қол жеткізді.