«Birgemiz» қорына түскен ақшаны тарататындардың аты-жөні жарияланды
Қысқа сілтеме алу
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің құрамы жарияланды. Бұл қорға қазақстандық бизнесмендер бір тәулікте 40 миллион доллар аударды
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.
«Жаңадан құрылған қоғамдық қорға елдің ірі бизнес өкілдерінен 40 миллион доллардан астам қаржы түсті. Бұл қаражат қамқоршылық кеңесінің шешімімен халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсетуге бағытталатын болады. Қазір көмек түрлері мен оны алушылар санаттарын анықтау бойынша жұмыс басталды», — делінген хабарламада.
Бүгін қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Сол жерде кеңестің құрамы жарияланды.
Кеңес құрамы:
- қамқоршылық кеңесінің төрағасы — «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек;
- қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары – Тұңғыш Президент қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев;
- қамқоршылық кеңесінің хатшысы – журналист, «Бас редакторлар клубының» президенті Бибігүл Жексенбай.
Кеңес мүшелері:
- Сенат депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Ольга Перепечина;
- Мәжіліс депутатары Нұрлан Әбдіров пен Бақтықожа Ізмұхамбетов;
- «Еріктілер лигасы» қоғамдық қорының төрағасы Айсұлу Ерниязова;
- «Ұлттық еріктіер лигасы» заңды тұлғалар қауымдастығының төрағасы Вера Ким;
- «Мир через духовность» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәуле Мұқашова;
- «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя;
- «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының басшысы Исламбек Салжанов.
Ал «Birgemiz» қоғамдық қорының жоғарғы органы – құрылтайшылардың жалпы жиналасына үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық етеді.
Қордың құрылтайшылары – Ардагерлер ұйымы (басшысы – Бақтықожа Ізмұхамбетов) және » Мир через духовность» (басшысы – Сәуле Мұқашова).
«Birgemiz» қорының басқарма басшысы Руслан Сакеев Nur Otan-ның көмегі керек екенін айтты. Себебі осы саяси ұйымның әрбір өңірде бөлімшесі бар. Қаражатты таратуға қажетті база бар, еріктілері де көп.
«Біз қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысын «Nur Otan» партиясында өткізіп отырмыз. Себебі осы ұйымның мүмкіндіктеріне жүгінуді көздейміз. Елбасының қолдауымен қорға қаражат әлі де түсіп жатыр. Алайда көмекке зәру барлық адамды қамту үшін бізге инфрақұрылым, ұйымдастыру тәжірибесі мен мамандар қажет. Ондай адамдар партияда ғана бар», — деді Сакеев.
sputniknews.kz