«Birgemiz» қоры еліміздің аса мұқтаж азаматтарына 50 мың теңгеден береді – Қазақстан жаңалықтары

1

«Birgemiz» қоғамдық қоры халықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға 50 мың теңгеден аударады,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

қор

Бұл туралы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес жағдайында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету үшін құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің отырысы барысында белгілі болды.

Қамқоршылық кеңестің төрағасы Бауыржан Байбектің айтуынша, бастапқыда қор қаражатын 100 мың мұқтаж азаматқа тарату жоспарланған. Алайда, бүгінде өңірлерден түскен өтініштер саны айтарлықтай өсіп, партияның онлайн ресурсына көмек сұрап хабарласушылар саны – екі есеге артқан.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қор қаражаты қарапайым қазақстандықтарға атаулы көмек көрсетуге жұмсалады. Бұл берілетін көмектің әрбір жанға дербес белгіленуін қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Biz Birgemiz» акциясының аясында Қор халықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға 50 мың теңгеден аударады. Бірінші кезеңде қаржылық қолдауды 150 мыңнан аса мұқтаж азамат алады, ол 7,6 млрд. теңгені құрайды», – деді Бауыржан Байбек.

Қор төрағасы Руслан Сакеевтың мәліметінше, материалдық көмек екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке тұлғалардың карталарына немесе ағымдағы есепшоттарына аударылады. Қазіргі уақытта материалдық көмекті аудару кезінде одан комиссия алмау мәселесі қарастырылып жатыр. Сонымен бірге, бұл қаражаттың кредиттері бойынша қарызы бар азаматтардың берешегін өтеу үшін ұсталып қалмауы да пысықталады.

«Ешқайда барудың, ешқандай өтініш жазудың қажеті жоқ. Таяу күндерде аталған қаражат өңірлік қорларға аударылып, әрі қарай ол адамдардың есепшоттарына түсетін болады. Бұл үшін біз алдын ала бүкіл өңірлермен тиісті меморандумдарға қол қойғанбы», – деді ол.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынымдарының негізінде көмек қаражатты алушылардың 7 санаты бекітілген. Әкімдер аталған санаттар бойынша көмек алушылар тізімін ұсынды.

«Олардың қатарында АӘК алмайтын тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алып жүрген және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын зейнеткерлер, жетім балалар (тұлдыр жетім балалар мен асыраушысының бірінен айрылған балалар), Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері бар. Бұл ретте аталған әрбір санатта мұқтаж жандар да, сонымен бірге көмекті қажет етпейтіндер де бар екенін атап өткен жөн. Сондықтан біз тізімді тікелей жергілікті жағдайды жақсы білетін әкімдіктерден алдық», – деді қор төрағасы.

Руслан Сакеевтің айтуынша, аталған көмек облыс орталықтары мен коронавирус таралу қаупі жоғары ірі қалалардың тұрғындарына көрсетіледі. Осы жәйттер ескеріле отырып, 23 қала анықталған.

Бұдан басқа, мәжіліс барысында қордың қамқоршылық кеңесі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының індетке қарсы іс-шараларға тартылған 2 мыңдай медицина қызметкеріне материалдық қолдау көрсету үшін 100 млн теңгеден астам қаражат бөлу туралы ұсынысты қолдады. Таяу уақытта қор басшылығы қос қаланың әкімдіктерімен бірлесіп қаражатты тарату тетіктерін тұжырымдайды және 50 мың теңге көлемінде біржолғы төлем алатын медицина қызметкерлерінің тізімін әзірлейді.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін «Birgemiz» қоғамдық қорының есепшотына 13,2 млрд теңгеден астам қаражат түскен.

stan.kz

Загрузка...

1 Пікір

  1. Шымкент КАЛАСЫ САЙРАМ ОБЛЫСЫНА ТАШКЕНИСКАЯ 31ТУРЫП ЖАТКАН 26Отбасы турыпжатыр жағдаимыз мулде нашшар уиміз апаты жағдаида комектесулерңізди отнем озім көп балалы анамын

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз