Бірге вальс билеген Әйгерім Қалаубаева мен Нұрлан Әлімжанның видеосы қызу талқылануда (видео)

0

Танымал әнші Әйгерім Қалаубаева Instagram желісіне белгілі әнші әрі актер Нұрлан Әлімжанмен бірге түскен видеосын жүктеді. Бұл желі қолданушыларының арасында қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Kznews.kz.

Қалаубаева видеоның астына белгілі ақын Ақұштап Бақтыгерееваның өлеңін жариялаған. Ал бейнежазбадан Айгерім мен Нұрланның шыр айнала вальс билеп жүргенін байқауға болады. «Мың жаса, ақ жүректі ақ досым», — деген Нұрлан Әлімжанның пікірін де байқауға болады. Ал желі қолданушылары танымал тұлғалардың бірге билегеніне қатысты түрлі жорамалдар айтуда. «Екеуін махаббат туралы киноға түсірсе болады ғой, керемет жұп болар еді», «Керемет жұп,әрқашан алланың назарында, бақыттың базарында болыңдар! Сүйкімді, әдемі жұпсыңдар!», «Екеуің неткен керемет әдемісіңдер, машаллах», «Араларыңда ұшқын бар», — жазды желі қолданушылары.