Біреуге талап қойған — өзі орнында қалады, өзіне талап қойған адам өседі!

0

Біреуге талап қойған — өзі орнында қалады, өзіне талап қойған адам өседі!

***

Көптеген адамдар басқа біреуден талап етуді жақсы көреді: Сен осындай болу керексің (ақылды, сабырлы, мейірбан, т.б. сен мынаны істеу керексің, сен маған көмектесу керексің деп кете береді. Ал кей адамдар талапты өзіне қоя біледі: Бұны мен істеуім керек, мен осындай болуым керек, мен оған көмектесуім керек. Әрине даму да, сый құрмет те екінші жолды таңдаған адамда. Өзіңе, қалай Талап қоюдың жолын айтып берейін.

***

Алдымен Өзіңнің Жетілген Нұсқаңды (Идеальная версия себя) көз алдыңа елестетіп алуың қажет. Сол Өзіңнің Жетілген Нұсқаң саған қандай Талап қоюы мүмкін? Білім жетілдіру, ден саулық, еңбекқорлық, сабырлық сияқты басқа да қасиеттеріңді қалай дамытқаныңды қалайды? Сол Жетілген Нұсқаға жету саған ұнайды ма? Сондай болғың келеді ме? Ондай болу үшін сен не істеуің керек?

***

Осылай үнемі елестетіп отыратын болсаңыз, ӨЗІҢІЗГЕ-ӨЗІҢІЗ талап қойсаңыз ғана нәтиже болады. Ал басқа біреу сізге талап қойса, онда сізде құлшыныстың орнына керісінше үрей пайда болады, сізде Дофамин емес Кортизол деген гормон бөлінеді. Өйткені сізден талап етіп, сізге қысым көрсетіліп жатыр, деп ойлайды ми.

***

Біреудің мінін көргенше,

Жамандығын тергенше,

Өз ойыңды мазалап,

Өз бойыңды тазалап,

Өзіңмен алыс өлгенше,

деп Шәкәрім бабамыз бекер айтпаған ғой.

Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан

Көрілген: 211    Пікірлер: 0