«Біреудің жүктілігі мен өлімін дәл болжайтынмын»: Алуа Қонарова көріпкелдік қасиеті жайлы айтты

0

«Қызық жағдай, бірақ өмірімнің сценарийін жас кезімде білдім. Ол кезде әлі «30 жыл бары қандай жақсы» деп ойладым.

Бұрын басқа адамдардың ауруын, өлімін, жүктілігі мен тұрмысқа шығуын дәл болжайтынмын.

Жігіттермен (авт.»Ринго» тобы) «Жаңа толқынға» бара жатқан сәтте де оларға міндетті түрде Алла Борисовна мен көрермен көзайымы сыйлығын алатынымызды айтқан едім», — деп бөлісті Қонарова желідегі парақшасында.

Алайда соңғы уақыттары бұл қасиеті жоғалған.

«Оның бәрі бір жаққа жоқ болып кетті. Адамдарды көрмеймін, сезбеймін, оларға онша ашылғым жоқ. Бірақ өмірім өзім көргендей жүріп жатыр», — деді Қонарова.