Бірегей рекорд иесі, Гарвард студенті Ақназар Қажымұрат белгісіз жағдайда көз жұмды

0

Алматыда Халықаралық емтихандарда бірегей рекорд орнатқан Ақназар Қажымұрат көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жақында полицияға Ақназар Қажымұраттың жоғалғаны туралы арыз түскен. Іздеу тобы құрылған. «Бүгін Бостандық ауданының аумағында криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жас жігіттің денесін тапты. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 2018 жылы Ақназар Қажымұрат НЗМ-нің 12 сыныбында оқып жүргенде, ACT және SAT Subject Tests халықаралық емтихандарында 36-дан 36 және 2400-ден 2400 балл жинап, бірегей рекорд орнатты. 2018 жылы ол Гарвард университетіне оқуға түскен. Алматыда академиялық демалыста жүрген екен.