Бірден селфи жасап, желіде жариялаған: Жол апатына ұшыраған қыз ерніндегі далап үшін уайымдаған

0

АҚШ-тың Чикаго штатында тұратын Тэрин Элис апатқа ұшырағаннан кейін түскен суретін желіде жариялап, танымалдыққа ие болды. Ол жол апатынан соң өзінің амандығынан бұрын, ерніндегі далап үшін уайымдапты.

Сол күні Тэрин өз жұмыстарымен жүргенде, өзінің алдында келе жатқан көлік кенеттен тоқтаған. Тэрин көлігін тоқтатып үлгермей, оның артына соғылыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Тэрин апаттан кейін қауіпсіздік жастығынан далаптың ізін байқаған. Сол кезде ол өзінің беті қандай күйде екенін ойлап, бірден айнаға қарапты. Алайда ерніндегі далап сол күйі қалған екен. Тэрин бірден селфи жасап, суретін «Твиттерде» жариялайды.

«Егер Джеффри Стардың далабы қаншалықты тұрақты екені біреуге қызық болса – мен жаңа ғана апатқа ұшырадым және қауіпсіздік жастығында далаптың ісі қалды. Алайда бетіме жағылмаған», — деп жазған Тэрин.

Жол апатына ұшыраған қыз өзінің амандығынан бұрын ерніндегі далап үшін уайымдаған

Желі қолданушылары Тэрин үшін алаңдауы керек пе әлде оның өзінен бұрын, сырт келбеті үшін уайымдағанына күлу керек пе, ұқпай қалды.

Пікір қалдырушылардың бірі жастықта далаптың ізі қалса, оның айтарлықтай тұрақты болмағанын жазған. Алайда Тэрин оған қарсы пікір жазып, таңертең сағатына 3 шақырым жылдамдықпен келе жатқанда жігітінің бетінен сүйгенін және оның бетінде далаптың ізі қалмағанын айтты. Ал сағатына 320 шақырым жылдамдықта қауіпсіздік жастығы бетіме тигенде, косметиканың ізі қалғаны таңғаларлық емес, дейді ол.

stan.kz