Бірде-бір елге Қазақстан секілді толықтай жойылып кету қаупі төнбеді

0
100

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астам адам ату жазасына кесілді

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. ҚР президентінің телерадиокешені Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қуғын-сүргін жылдары жайлы айтқан сөзін еске түсіретін ролик жариялады.

«Әлемде бірде-бір ел, бірде-бір халық өз елінде демографиялық жағдайдағы осындай бұрылысты бастан кешкен жоқ және Қазақстан секілді толық жойылып кетудің алдында тұрмады. Біз аман қалдық, ұлт ретінде ұйыса білдік, біз мейірімсіз болып кетпедік, кектенген жоқпыз, 20 ғасырдағы жантүршігерлік трагедияға ешкімді айыптамадық. Біз табандылық танытып, сталинизмнің барлық жазықсыз құрбанына көмектестік», – дейді Елбасы.

Егеменді Қазақстанда қабылданған алғашқы заңдардың бірі жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң болды.

Қазақ жерінде cаяси репрессия қашан басталды 

Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады. 25 мыңнан астам адам ату жазасына кесілді. Олардың арасында ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері, дәрігерлер болды.



sputniknews.kz