бір жолаушының аман қалғаны белгілі болды
Қысқа сілтеме алу
Ер адам рейске кешігіп, жүгін өткізіп үлгермегендіктен ұшаққа мінбеген
АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Эфиопияда апатқа ұшыраған Boeing 737 ұшағына кешіккен Грекия азаматы Антониос Маврополулос ажалдан аман қалды.
Антониос рейске небәрі екі минут кешігіпті. Әуежай қызметкерлері жүгін өткізіп үлгермеген оны бортқа жібермей қойған, деп жазады Greek Reporter.
«Адамдардың ұшаққа мінгенін көрдім. Мені отырғызбай қойғанына қатты ашулы едім», — дейді Антониос Маврополулос.
Қайғылы оқиға туралы хабар тарағаннан кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ер адамды ұстады, себебі ол рейске отырмаған жалғыз жолаушы болатын.
Естеріңізге сала кетсек, 10 наурызда Аддис-Абебадан Кенияға бара жатқан Ethiopian Airlines әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Эфиопияның Дэбрэ-Зэйт қаласына жақын жерде апатқа ұшырады. Бортта 157 адам болған, олардың арасында 8 экипаж мүшесі бар. Ұшақтың апатқа ұшырау себебі анықталып жатыр.
Қаза тапқан жолаушылар 33 елдің азаматтары болған: Кения, Канада, Эфиопия, Ресей, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Үндістан, Словакия, Австрия, Швеция, Марокко, Испания, Польша, Израиль және тағы басқалары. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәліметінше, апатқа ұшыраған ұшақта біздің елдің азаматтары болмаған.
sputniknews.kz