бір жасар сәби жансақтау бөлімінде жатыр

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Бес қабатты жатақханадағы өрттен зардап шеккен 11 адам ауруханада ем қабылдауда

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр — Sputnik. Нұр-Сұлтандағы жатақханалардың бірінде шыққан өрт салдарынан бір жасар сәби 1-ші қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы әкімдікте өткен брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының әлеуметтік көмекті ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Аслан Жангереев хабарлады. 

  • Өрт шыққан жатақхананың тұрғындары

    Өрт шыққан жатақхананың тұрғындары


    ©
    Sputnik / Абзал Калиев.

  • Нұр-Сұлтандағы жатақханалардың бірінде өрт шықты

    Нұр-Сұлтандағы жатақханалардың бірінде өрт шықты


    ©
    Sputnik / Абзал Калиев.

  • Өрт кезінде күйіп кеткен сым

    Өрт кезінде күйіп кеткен сым


    ©
    Sputnik / Абзал Калиев.

1 / 3


©
Sputnik / Абзал Калиев.

Өрт шыққан жатақхананың тұрғындары

«Өртте зардап шеккен 26 адамға (14 бала) медициналық көмек көрсетілді. Медициналық мекемелерге 11 адам жеткізілді. 15 адам емханада ем қабылдайтын болды», — деді  Аслан Жангереев. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оның айтуынша, қазір ешкімнің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.  

«1-ші қалалық ауруханаға 5 адам, 2-ші қалалық ауруханаға 6 адам жеткізілді. Бәріне «тұншықтырғыш газбен орташа деңгейде улану» деген диагноз қойылды. Ешкімнің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бір бала жансақтау бөлімінде жатыр», — деді ол.

Тағы оқыңыз: 350 тұрғын үйлерін тастап, қашып шықты

Жангереевтің айтуынша, өрттен зардап шеккендерге жедел жәрдем қызметінің 14 бригадасы көмек көрсеткен.

Елордадағы өрт қалай болды

2 мамыр күні сағат 10:39-де төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Байқоңыр ауданы Жаханша Досмұхамедұлы көшесіндегі бес қабатты жатақханадан өрт шыққаны туралы хабар түскен. 


©
Foto : пресс-служба ДЧС Нур-Султана

Жатақханадағы өрт сөндірушілер

«Өрт ғимараттың екінші қабатындағы бөлмеден шықты. Жалын 20 шаршы метрді шарпыды. Оқиға орнына шұғыл жеткен мамандар тілсіз жауды 11:15-те ауыздықтады», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар өрт сөндірушілер автосатының көмегімен 32 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Оның 28-і бала екен.

«Жатақханадағы 350 адам өз күшімен сыртқа шықты. 20 тұрғын дәрігерлерден көмек сұрады. Олардың ішінде 14 бала бар. Өртті ауыздықтауға қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 66 қызметкері мен 18 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды», — деп мәлімет берді төтенше жағдайлар комитеті. 


©
Foto : пресс-служба ДЧС Нур-Султана

Қала әкімі Бақыт Сұлтанов өрт шыққан жатақханаға келді

Оқиға орнына қала әкімі Бақыт Сұлтан барып, тұрғындармен сөйлесті. Ол мемлекеттік органдарға зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды. Бес қабатты жатақхана ғимараты тексеріліп, өрт себебі анықталып жатыр.



sputniknews.kz