Бір жарым мыңнан астам жас маман мемлекеттік қызметте басшы қызметін атқарады
«Бүгінгі күні объективті әрі ашық іріктеу өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Мысалы, өткен жылы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға өткен конкурстарда 26 мыңнан астам (26608) жас үміткер қатысты. Олардың ішінде 10,5 мыңнан астамы (10732) түрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалды», — деді Ж. Тілеукенов.
Оның айтуынша, бір жарым мыңнан астам жас маман мемлекеттік қызметте түрлі басқарушы лауазымдарда жұмыс жасауда. Мысалға, 2370 ауылдық округ әкімдерінің 94-і — 29 жасқа дейінгі азаматтар.
Сонымен қатар, қызметкердің сіңірген еңбегіне негізделген кезең-кезеңмен мансаптық өсу қамтамасыз етілуде. Өткен жылы ішкі конкурстарға қатысу арқылы 7 мыңға жуық жас қызметкер лауазымын жоғарлатқан.
«Қолына диплом алған 22 жасар жас маман өзі үшін мемлекеттік қызмет пен жеке сектор арасында шешуші таңдау жасауы тиіс. Бұдан әрі ол таңдаған бағыттан бұрмай, іштей дамып, мансаптық саты арқылы рет-ретімен көтеріледі», — деп түйіндеді.
Дереккөз: http://egemen.kz/