Бір үйдің бес қызы тірідей жанып кетті

0

Абхазияның Гала ауданы Папынырхуа ауылында жеке үйде өрт шығып, бір үйдің 5 баласы жанып кеткен.

Балалар әжесінің қасында қалған. Балалардың ата-анасы үйде болмаған. Олардың анасы ауруханада жатып, әкесі соған кеткен екен. Қария өрттен дін аман шыққан.

Елдің ТЖМ басшысының міндетін атқарушы Лев Квициния қаза тапқандардың бәрі қыз бала екенін хабарлады. Олардың ең кішісі сегіз айлық нәресте болса, ең үлкені сегіз жастағы қыз бала. Ресми органның өкілі өрттің себебін айта келе, қыздардың әжесі пеш жағарда керосиннің орнына бензин құйып жіберген дейді.

Гала ауданы Абхазияның шығысында орналасқан. Бес періштенің өліміне байланысты бүгін Абхазия Аза тұтып жатыр.