«Бір үйде өстік»: Тікұшақ апатынан қаза болған азаматты еске алған Алпамыс Шәрімов елдің көңілін босатты — Қазақстан жаңалықтары

0

Белгілі продюсер Алпамыс Шәрімов Қызылордада болған тікұшақ апатынан қаза тапқан капитан Сырым Мәсәлімді еске алды. Белгілі болғандай, олар бір ауылда көрші тұрған екен. Досы туралы айтып берген продюсер көпшіліктің көңілін босатты, деп жазады Stan.kz.

«Бір үйде өстік»: Тікұшақ апатынан қаза болған әскери қызметкерді еске алған Алпамыс Шәрімов елдің көңілін босатты

«Бір үйде өстік біз. Кішкентайынан Сырым ауылда жүргенде ойыншық ұшақтарды ағаштардан құрап қолдап жасайтын. Оның ерекше шеберлігіне мен ауызымды ашып қасынан қалмайтынмын. Бірге қой бағып, қыстыкүні суатқа малды бірге айдап, бар істі бірге жасаған едік. Менен жоғары сыныпта оқыған Ол мектеп бітірген соң сабақ оқыған үстелін естелік етіп сыйлап кетті. Ағалық қамқорлығын көрсетіп, өзіне кішірейіп қалған киімдерінің бәрін маған беріп отыратын…», — деп жазды Алпамыс Instagram желісінде.

Өз сөзінде ол Сырым Мәсәліммен бір ай бұрын Ақтауға барған сапарында көріскенін айтты. Армандары көп, өмірге деген құлшынысы мықты Сырымды көрдім, деп еске алады Алпамыс.

«Алға қойған жоспарларымен бөлісті. Демалыс алып, Астанаға келетінін айтты. Бала кезде бүлдірген бар қызықтарымызды еске алып жүздестік. Қоштасқысы келмей, Каспийдің жағалауына алып барды. Каспийдің шағалаларына тамақ бердік. Батып бара жатқан күнге ұзақ қарап отырдық. Бұл сол жердегі оның соңғы суреті. Сыртынан түсіріп алып едім!.. Бұл біздің соңғы кездесуіміз де еді… Бүгін бауырымды соңғы сапарға шығарып салдық. 13 батырмен бірге біздің Сырым да мәңгілік сапарға кетті!..», — дейді продюсер.

 


Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысында Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан тікұшақ құлады. Тікұшақ басқа төрт әскери тікұшақтармен топ құрап, Ақтаудан Шымкентке  ұшып бара жатқан. «Алтын Жебе» атты арнайы бөлімдердің оқытуы әрі кешенді тексерісі болған соң, тікұшақтар бір қаладан екінші қалаға ұшуды көздеген. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.



stan.kz