«Бір удармен ұйықтата салатындай»: Танымал актер қызын кішкентайынан өз-өзін қорғауға үйретпекші

0
114

Қызым Айша сәл өссін міндетті түрде бокске беремін. Иә міндетті түрде. Деп ойлаймын. Өйткені бұл өмірдің тосын сыйлары сан түрлі. Әсіресе қыз балаға. Әдет, ғұрып, дін, діл, тағы да барлық адамға тән қасиет пен қазақи тәрбиеден бөлек мен ойлаймын қыз балаға физикалық тұрғыда да мықты болу керек деп. Құдай сақтасын , дегенменде қандай да бір өмір жолында бір сілімтіктер кездесіп қалатын болса, бір удармен ұйықтата салатындай. Оның (яғни қызым Айшконның ) әлемдік чемпион немесе Олимпиада чемпион болуы шарт емес, керегі де жоқ. Тек өз-өзіне тұрып бере алса болды. Ударын қойып берсем болды. Жетеді сол.
4-5 күннен бері садикке барғым келмейд дегенді шығарды. Не болды десем басында айтпады. Кейіннен дұрыстап сұрасам, мені Арман ұрады дид. Арман садиктегі группаласы. Сен нестедің десем үндемейд. Мен оған бәрі-бір қайтып ұр десем ол олай істей алмайды. ӘЗІРГЕ.
Ішімнен жарайд кішкентай балалар ғой дедім де қойдым. Бірақ түбінде бір жәмән кір қалып қойды. Апайына барып айттым, ол жақта бәрі нәрмәлньні деп апайы екі қолын жүрегіне қойып айтты. Сендім делік. Мақұл дедік. Көре жатармыз. Бірақ әлгі арман сияқтылары өмір жолында кездесіп қалмасына кім кепіл. Сол үшінде қыздарымызды тәрбие жағынан да, білім жағынан да, спорт жағынан да әсем түрде жетілдірейік. Қай жағынан болса да СЫЛҚ етіп ұйықтата салатын.