Бір топ жанкүйер Димашты Краснодар әуежайында қарсы алды – видео

0

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Димаштың үлкен гастрольдік туры 2020 жылы осы Краснодардан басталады, содан кейін әртіс Қазан мен Екатеринбургке барады  

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Краснодарға ұшып барды. Халықаралық әуежайда оны Ресейдегі, жақын және алыс шетелдерден келген жанкүйерлері қарсы алды.

Жексенбіде Димаш Краснодарда «Баскет Холл» спорт кешенінің стадионында жеке концертін береді.

«Жылы қарсы алғандарыңызға рахмет, қымбатты достарым! Мен сіздерді жақсы көремін, ертең көрісеміз», — деп жазды әнші.

Әртіс жүзін қара бетпердемен жасырып келді.

«Ресейдің түкпір-түкпірінен, сондай-ақ алыс және жақын шетелдерден келген жанкүйерлер түн ортасы болғанына қарамастан, Димашты жылы қарсы алып, оны үлкен еуропалық турының басталуымен құттықтау үшін Краснодардағы Екатерина II әуежайына жиналды», — деп атап өтті Димаштың еуразиялық фан-клубы.

Димаш асығып тұрғанына қарамастан, «Дайдидау» әнін орындаған жанкүйерін тыңдауға аялдады.

Димаштың Ресей мен Еуропадағы жеке концерті

Димаш Құдайберген Ресей мен Еуропада 11 концерт беруге дайындалып жатыр. Концерт мәлімделген барлық елде өтеді деп жоспарлануда:

  • 2020 жылдың 16 ақпаны, «Баскет Холл» спорт кешені, Краснодар, Ресей;
  • 2020 жылдың 20 ақпаны, «Татнефть Арена» спорт сарайы, Қазан, Ресей;
  • 2020 жылдың 23 ақпаны, «Екатеринбург-ЭКСПО»  конгресс орталығы, Екатеринбург, Ресей;  
  • 2020 жылдың 7 наурызы,  Арена Рига, Латвия,;
  • 2020 жылдың 9 наурызы , «Мегаспорт» спорт сарайы, Мәскеу, Ресей;
  • 2020 жылдың 11 наурызы, Спорт сарайы, Киев, Украина;
  • 2020 жылдың 19 наурызы, Barclaycard Arena, Гамбург, Германия;
  • 2020 жылдың 21 наурызы, Düsseldorf ISS DOME, Дюссельдорф, Германия;
  • 2020 жылдың 25 наурызы, TipSport-Arena, Прага, Чехия;
  • 2020 жылдың 29 наурызы, Hanns-Martin-Schleyer-Halle, Штутгарт, Германия;
  • 2020 жылдың 4 сәуірі, Минск-Арена, Беларусь.



sputniknews.kz