Бір топ әйел министрліктер үйіне шу шығарды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Әйелдер саяси партияны тіркеуді көздеп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Бүгін әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен өткен жиынға бір топ әйелді кіргізбеді. Отырыстың басында Бекетаев мәселенің мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, шу шығарған келіншектер жиынға келген адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, мүлдем басқа мәселені шешуді көздеген.

«Негізі, олар осы жиынға қатысамыз деп, алдын ала өтініш берген жоқ, аккредитациядан өтпеді. Біз үкіметтік емес ұйымдарды ғана шақырдық. Ол кісілер бір ғана мәселе — саяси партияны тіркеуді көтергісі келіп отыр. Бұған дейін оларға рұқсат берілген жоқ. Енді, осы жерде талқыға шығарғысы келеді. Меніңше, олар осы жерде отырған адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, өз мәселесін кеңінен көрсетіп, жағдайды ушықтыруды көздейді», — деді Бекетаев.

Тағы оқыңыз: Ақтөбеде әйелдер сотта төбелес шығарып, арнайы жасақтың көмегі керек болды

Министр тиісті департаменттің басшысына тапсырма беріп, шу шығарған әйелдермен түстен кейін бөлек кездесу өткізуді тапсырды.



sputniknews.kz