Бір тәулікте 161 адам коронавирус жұқтырды

0

Қазақстанда індетке шалдыққандардың саны 5850 адамға жетті. Науқастардың саны бір тәулікте 2,8 процентке өсті

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 161 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

Оқи отырыңыз: Күн көзі коронавирусты өлтіре ме – қазақстандық инфекционист жауап берді 

Мемлекеттік комиссияның жедел штабы өсім 2,8 процентті көрсеткенін хабарлады.

Өңірлер бойынша:

  1. Нұр-Сұлтан қаласы – 26 (2,2%),
  2. Алматы қаласы – 20 (1,2%),
  3. Шымкент қаласы – 12 (4,7%),
  4. Ақмола облысы – 2 (1,8%),
  5. Ақтөбе облысы – 11 (5,2%),
  6. Алматы облысы – 10 (5,2%),
  7. Атырау облысы – 32 (6,8%),
  8. Шығыс Қазақстан облысы – 1 (1,8%),
  9. Батыс Қазақстан облысы – 9 (3,2%),
  10. Қарағанды облысы – 7 (3,3%),
  11. Қостанай облысы – 4 (5,6%),
  12. Қызылорда облысы – 13 (5,6%),
  13. Маңғыстау облысы – 6 (4,3%),
  14. Павлодар облысы – 7 (4,5%),
  15. Түркістан облысы – 1 (0,5%).

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 5850. Індеттен 2707 адам сауығып шықты, 34 адам қайтыс болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз