бір тәулікте 100 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырды

0

Әлемде коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны бес миллионнан асты, 329 мың адам инфекциядан туындаған асқынудан қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Өткен тәулікте әлемде 106 мың адам коронавирус жұқтырды.

Осылайша пандемия басталғалы бері бір күн ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған ең көп адам тіркелді, деп хабарлады COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.  

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде вирусты жұқтырған адамдардың жалпы саны 4,9 миллионнан асады. Оның 1,8 миллионнан астамы COVID-19-дан жазылды, 328 мың адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирусты кімдер жұқтырмайтынын айтты 

Сонымен бірге, Worldometers порталының мәліметінше, бүкіл әлемде науқастардың саны – 5 088 455, өлгендер – 329 мың, 2 миллионнан астам адам жазылған.

Вирус жұқтырғандар саны бойынша елдерге қатысты қысқаша мәлімет:

  1. АҚШ – 1,551,853
  2. Ресей – 308 705
  3. Бразилия – 291 579
  4. Ұлыбритания – 249 619
  5. Испания – 232 555
  6. Италия – 227 364
  7. Франция – 181 700
  8. Германия – 178 473
  9. Түркия – 152 587
  10. Иран – 126,949

Қазақстанда, соңғы мәлімет бойынша, 7 234 адам коронавирус жұқтырды. Тәуліктік өсім – 3,8% (265 науқас).

3 734 адам жазылып шықты, 35-і қайтыс болды.



sputniknews.kz