Бір таксиге отырдық: Актер Олжас Әлжанов өзінің жарымен қалай танысқаны жайлы айтты – Қазақстан жаңалықтары

0
15

Актер, тележүргізуші Олжас Әлжанов жуырда үйленіп, бал айын ойдағыдай өткізу үшін қалыңдығымен Дубайға аттанды. Stan.kz тілшісі бойдақтықпен қоштасқан жігітке хабарласып, сұхбат алып, Дубайдағы мән-жайды анықтауға тырысты.

Олжас

Олжас, көтерген шаңырағыңыз құтты болсын. Жарыңызбен қалай таныстыңыз?

Таксиде таныстық. Үйге қарап бәріміз бір таксиге мініп қалдық. Қасымда мамам да болды. Бір көргеннен ұнатып, атын, нөмірін сұрап таныстық. Кейін әңгімеміз жарасып, міне бүгінде бір отбасына айналдық.

Қай өңірдің қызы? Қай салада қызмет жасайды?

Алматының қызы. Өнерден алыс емес.Өзінің шоу-балет тобы бар.Бимен айналысады.Кәсіби дизайнер.

Үлкен той қашан болады?

Сәуірде болу керек еді. Алайда, соңғы жаңалықтарға байланысты той күнін басқа айға ауыстырамыз.

Қоғамды шулатқан вирусқа еш мән берместен Дубайда демалыста жүрсіз. Ол жақта жағдай қалай?

Жағдай бірқалыпты. Ешкім шулап, қорқып жүрген жоқ. Ешқандай «паника» байқалмайды. Тіпті, маска киген адамды көрмедім. Бәрі рахаттанып демалып жүр. Әрине, соңғы күндері мешіттерді, қоғамдық жерлерді жауып жатыр. Біз өзімізге суға шомылып, жағажайда қызықты уақыт өткізудеміз.

Барлық әлем «коронавирус» деп шулаған кезде шетелге баруға қорқыныш болмады ма?

Билетті ата-аналарымыз тосын сый ретінде алып қойыпты. Біз шетелге ұшатын кезде мұндай у-шу болмады. Біздің турагент орталығы да ешқандай қауіп жоқ деген еді. Кейін осыьай жағдай ушығып кетті.

Қазір бас қалалардың шекараларын жауып, карантин жариялауда. Сіздерде қандай жоспарларыңыз бар?

Иә, бізге бұл жағдайды,  өзгерістерді турагенттіктер күнде хабарлап отыр. Біздің кері қайтатын билетіміз 21-наурыз күні. Алла қаласа, сол күні елімізге қайтамыз.

stan.kz