«Бір шанс бер дейді»: Мөлдір Әуелбекова күйеуімен ара қатынасы жайлы айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Мөлдір Әуелбекова күйеуімен қайта қосыла ма? Әнші желідегі парақшасында екіұшты жазба қалдырып, көпшілікті ойландырып қойды. 

 Әнші бұл туралы Инстаграм парақшасында жазды.

«Бір шанс бер дейді, қайтейін», — деп жазды әнші парақшасында. 

Бұған желі қолданушылар жаппай пікір білдіріп жатыр. Бірі күйеуімен қосылуын меңзесе, бірі жүрегінің әміріне жүгінуге кеңес берді.

 

«Ой жаным-ау, Мөлдіржан, шын жүректен сұрап тұрса, мүмкіндік беріп көрсең қайтеді. Түріне қарағанда жаман адам емес сияқты». «Балаңның әкесі болса бер, басқаға шанс беру керек емес», «Жүрегіңізді тыңдаңыз», «Шанс беріп көр,Мөлдір…Бәлкім ,дұрыс шешім болар», «Беріңіз өмір бір ақ рет беріледі», «Бермеші қызғанамын», — деп жазды желідегілер.

Мөлдір Әуелбекова 2005 жылы SuperStar KZ жобасы арқылы көпшілікке танылып, бір жылдан соң Баян Есентаеваның жетекшілігіндегі КешYou тобының әншісі атанды. Киноларда роль сомдады.  

2 жыл бұрын күйеуімен ажырасып кеткен әнші Салтай есімді ұлын жалғыз тәрбиелеп отыр. 


«Неше жылдан бері жасырып келдім»: Мөлдір Әуелбекова сырын бөлісті



stan.kz