“Бір қызымнан айырылып қалдым” — Индира Расылхан балалары туралы айтты

0

Танымал әнші Индира Расылхан әлеуметтік желідегі парақшасында алғаш рет балалары туралы айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz.

Өнер иесінің екі қызы бар.

«Алланың сынағына шүкірлік айтып, бір қызымды жоғалтқаннан кейінгі Алланың берген сыйы ғой екі қыз. Көп нәрсе айтқым-ақ келіп тұр. Мені танығанымен де, менің бала-шағамды танымайсыздар ғой. Жақынырақ таныстыра кетейін. Бірінші туылған — Айдина. Дарина жайлы үйде бәріміз Дадош дейміз. …Қос қарлығашым! Қос қанатым! Қос шынарым! Қос қолқанатым! Алланың сендердей алтындай қыз бергеніне мың шүкірлік айтамын. Мен сендерге разымын, жандарым сол! Алла екі дүние бақытын тең етіп сыйласын!» — деп жазды әнші.

фото: ашықдереккөз