«Бір қолмен жұлып алуға болады». Алматы облысында тұрғындар жаңа төселген асфальт сапасына наразы

0
114

Талғар ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғындары жаңа асфальттың сапасын айтып, шағымданды. Желіде жарияланған видеода ауыл тұрғындары жаңа төселген асфальтты бір қолмен жұлынып жатқанын көруге болады.

Жергілікті тұрғындар кінәлілерге қатаң шара қолдануды талап етуде.

Шенеуніктер жағдайға қатысты пікір білдірді.

Видео Панфилов ауылдық округінің Қарабұлақ ауылының 8 Март көшесінде түсірілді. Мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер тарап – ВЅ Group ЖШС. Келісімшарт биыл қыркүйекте жасалды. Жұмысты аяқтау 30 қарашаға жоспарланған. Бүгін аудандық автожолдар және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Асхат Досжанов оқиға орнына шығып, мердігермен және жергілікті тұрғындармен әңгімелесті. Мердігерге барлық анықталған олқылықтарды жоюға тапсырма берілді. Мәселе бақылауға алынды», – деп атап өтті Талғар ауданы әкімдігінде.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз